Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 Қаулысы

Жаңартылған

      Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшылық кеңесі басшысының орынбасары (келісім бойынша)
      «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)
      «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры (келісім бойынша)
      «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)
      Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша)
      «Қазақстан кәсіпкерлері форумы» қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппараты басшысының орынбасары (келісім бойынша)
      Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы (келісім бойынша)
      Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма мүшесі - басқарушы директоры (келісім бойынша)
      «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      «KazEnergy» заңды тұлғалар бірлестігінің құқық мәселелері жөніндегі атқарушы директоры (келісім бойынша).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.08.21. N 840 Қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.08.21. N 840 Қаулысымен.

      3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.

      4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің   2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен уәкілеттi мемлекеттiк органдардың заң жобалау қызметiнiң барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберсiн;
      уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің   2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

      6. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Yкiметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттiк кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтыруларды Yкiметпен келiспей енгiзудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi Регламентiнiң 79-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.10. N 1300, 2007.03.20. N 217 Қаулыларымен.

      7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң            
2000 жылғы 11 қыркүйектегі   
N 1376 қаулысымен        
бекiтiлген           

Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды жасаудан тұрады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.06.24. N 690 Қаулысымен.

      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн талдау;
      2) Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкімет шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, Премьер-Министрдің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін азайтуды көздеген жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
      3) заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын мемлекеттік органдардың арасындағы келiспеушiлiктердi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      5) мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;
      6) Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;
      7) Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларын Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде олар бойынша оң не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;
      8) заңнамалық актілерде реттеп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын (қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заң жобаларын қоспағанда) және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;
      9) заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жiберу туралы ұсынымдар әзірлеу;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      11) заңнаманы кодификациялау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу;
      12) кодификацияланған және топтастырылған актілердің жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 N 541 Қаулыcымен.

3. Комиссияның негiзгi құқықтары

      5. Комиссияның өз мiндеттерiне сәйкес:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-әрекет жасауға;
      2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға;
      4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар және ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқылы.

4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысын өткізгенге дейін үш жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшыны Комиссия мүшелері сайлайды және ол Комиссия мүшелерінің құрамына кірмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      9. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың үшінші сейсенбісінде, қажет болғанда, Комиссияның төрағасы белгілейтін өзге де күндерде өткізіледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      10. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша анықтайды және нақтылайды.
      10-1. Комиссияның әрбір отырысына Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің басшылары міндетті түрде қатысуы тиіс.
      Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.25 N 2206 Қаулысымен.
      11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      12. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      12-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді Комиссияда қарау қажеттігі болған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен олар бойынша сырттай дауыс беру өткізілуі мүмкін.
      Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі мәселе бойынша материалдар дауыс беру үшін жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Комиссия мүшелері Әділет министрлігіне өз пікірлерін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда, Комиссия мүшесі оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Комиссия мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.
      Егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.
      Сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
      Ескерту. Ереже 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 N 541 Қаулыcымен.
      13. Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияның атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келiсiмi бойынша Комиссияның Төрағасы немесе хатшысы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзедi.

      14. Комиссияның құзыретiне қатысты қажетті материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар және жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.

      15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      15-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Комиссия отырысында қарау үшін ұсынылған заң жобаларының тұжырымдамалары 3 жұмыс күні ішінде барлық Комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді қоспағанда, Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдар өз ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда оларды 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады. Ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды Әділет министрлігі заң жобасының тұжырымдамасы бойынша алдын ала қорытындыға қоса тіркейді.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып пысықталған заң жобаларының тұжырымдамаларын Комиссия отырысына шығарады. Комиссия мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарымен тұжырымдаманы әзірлеуші орган келіспеген жағдайда, тиісті ескертулер мен ұсыныстар Комиссия отырысында талқылауға жатады.
      Комиссия мүшелеріне материалдарды жіберу Комиссия отырысы басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1575; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 N 541 Қаулыларымен.

      16. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, заңды деп саналады. Комиссия мүшелерiнiң отырысқа қатысу жөнiндегi өз өкiлеттіктерiн басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.
      Ескерту. 4-тарау 16-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

Заң жобалау қызметi мәселелерi 
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
туралы ережеге          
қосымша              

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссия мүшелерінің отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша
дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 N 541 Қаулысымен.

Р/с

Заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның мүшесі

Дауыс берді:*

Дауыс берген жоқ

Жақтағандар

Қарсы болғандар


































































Дауыс берген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің барлығы:



      Дауыс беру нәтижелері: ________________________________________

      * Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
      Ведомствоаралық комиссия мүшесі отырыста немесе сырттай дауыс беру нәтижелерін қорытындылау кезінде жоқ болған жағдайда, тиісті белгі қойылады.

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
2000 жылғы 11 қыркүйектегі    
N 1376 қаулысымен         
бекiтiлген           

Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.08.21. N 840 Қаулысымен.