Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 8 шілде N 1037

Қолданыстағы
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою, республиканың тұрғындары мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерiнiң табиғи зiлзалалардан, авариялардан және апаттардан қорғалуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Мынадай мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - Мекемелер):
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Шығыс аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Солтүстiк аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды;
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Оңтүстiк аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 2001 жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджеттiң жобасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне Мекемелердi ұстауға қаржы бөлудi көздесiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп Мекемелердi орналастыру үшiн қажеттi үй-жайлар мен жер учаскелерiн бөлудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн, олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) бiр апталық мерзiмде Мекемелердi ұстауға және жарақтандыруға

арналған шығыстардың сметасын дайындасын және Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     5. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi 
органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметкерлерiнiң шектi 
штаттық санын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 
6 қазандағы N 1006  

P981006_

  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер 
енгiзiлсiн:
     көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы:
     мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
     "Шығыс аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды
                                                                 32
     Солтүстiк аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды
                                                                 32
     Оңтүстiк аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды
                                                                 32";
     "Жиыны" деген жолдағы "1990" деген сан "2086" деген санмен 
ауыстырылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 2-тармақтан 
және 4-тармақтың 2-тармақшасынан басқалары, 2000 жылдың 1 қаңтарынан 
бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.