Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 шілде N 1009. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы N 264 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464 P990464_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 2-тармақтағы "Республикалық тестілеу орталығы" деген сөздер "Білім

беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     2) 3-тармақтың екінші абзацы "тестілеуді" деген сөздің алдынан 
"кешенді" деген сөзбен толықтырылсын;
     3) көрсетілген қаулының 1-қосымшасына:
     Студенттерді қабылдаудың жаңа моделіне көшуді ұйымдастыру жөніндегі 
республикалық комиссияның құрамына:
Алшанов Рахман Алшанұлы        - Білім мекемелері қауымдасты-
                                 ғының президенті;
Сүлеев Досым Қасымұлы          - Қазақстан Республикасының Білім 
                                 және ғылым министрлігі
                                 Әкімшілік департаментінің
                                 директоры;
Отто Иван Иванович             - Қазақстан Республикасының Ішкі 
                                 істер вице-министрі
енгізілсін;
     көрсетілген құрамнан Бексұлтан Сәрсекұлы Сәрсеков шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
     
     
Оқығандар:
     
     Бағарова Ж.А
     Орынбекова Д.Қ.