Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 шілде N 1006.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы мен мәтініне өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.04. N 1804 қаулысымен .

      Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің қару мен әскери техниканы пайдалануын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілер арасында қару мен әскери техниканы беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 3 шілдедегі
N 1006 қаулысына
қосымша

Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.12.04. N 1804, 2001.11.22. N 1503, 2001.12.28. N 1755, 2002.10.22. N 1138, 2004.01.29. N 100, 2004.09.29. N 996, 2006.01.13. N 38, 2006.04.28. N 340, 2009.04.27. N 585, 2011.08.02. N 900; 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2016 № 628; 03.04.2019 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі.

      6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi

      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.02. N 900 қаулысымен.

      10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары

      11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

      12. Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі