Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестi құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 мамыр N 683

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының дiни бiрлестiктермен сындарлы өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi жанынан консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
      2. Кеңестi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қызметi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
      3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру-талдау жағынан қамтамасыз ету үшiн Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінiң штаттық саны лимитiн 4 адамға қысқарту есебiнен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң штаттық саны лимитiн 4 адамға ұлғайта отырып, оның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде Хатшылық құрылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі екi апталық мерзiмде Кеңес туралы ереже мен оның құрамын Yкiметтiң бекiтуiне ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      аталған министрлiктiң штаттық саны лимитiн қысқартумен байланысты республикалық бюджеттiң босатылған қаржысы есебiнен Премьер-Министрдiң Кеңсесiн қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң және министрлiктердiң әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерi үшiн белгiленген лауазымдық жалақылардың мөлшерлерiндегi айырмашылықтарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн қаржыландыруды тиiсiнше арттыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерiне белгiленген

тәртiппен дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі жергiлiктi кеңестер 
құру ұсынылсын.
     7. Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай 
өзгерiстер енгізiлсiн:
     1) 
<*>

     2) 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09. 
              N 214 қаулысымен.  

P010214_

 
     ЕСКЕРТУ. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.11. N    
              993 қаулысымен.  

P020993_

 
     8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы қаулының 
орындалуы жөнінде шаралар қабылдасын.
     9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Орынбекова Д.К.