Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1959 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 22 сәуір N 623

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1959 P991959_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ "лимитінің шегінде" деген сөздерден кейін "бюджет

қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау саласындағы олардың 
функцияларын жаңадан құрылған Комитетке берумен, Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Мемлекеттік мүлік және 
жекешелендіру комитетін қайта ұйымдастыра отырып," деген сөздермен 
толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.