Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 наурыз N 400

Жаңартылған

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларға шұғыл шара қабылдау, республиканың тұрғындары мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерiнiң табиғи зiлзалалардан, авариялардан және апаттардан қорғалуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Мынадай мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - Мекемелер): 
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Батыс аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды; 
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Орталық аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отряды құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен 35 (отыз бес) миллион теңге, оның iшiнде: 
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Батыс аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отрядын ұстауға және жабдықтауға 12 (он екi) миллион теңге; 
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Орталық аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару отрядын ұстауға және жабдықтауға 15 (он бес) миллион теңге; 
      Мекемелердiң басшы құрамы мен құтқарушыларын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Республикалық жедел-құтқару отрядында даярлауға 8 (сегiз) миллион теңге бөлiнсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 2001 жылдан бастап жыл сайын республикалық бюджеттiң жобасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне Мекемелердi ұстауға қаржы бөлудi көздесiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Астана қаласы мен Атырау облысының әкiмдерiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Мекемелердi орналастыру үшiн қажеттi үй-жайлар мен жер учаскелерiн бөлудi қамтамасыз етсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігi заңдарда белгiленген тәртiппен: 
      1) Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн, оларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын; 
      3) бес күндiк мерзiмде Мекемелердiң басшы құрамы мен құтқарушыларын ұстауға, жабдықтауға және даярлауға арналған шығыстардың сметасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын. 
      6. <*>
       Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы  N 214  қаулысымен.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі