Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегi шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, мемлекеттiк басқару органдарының ұйымдық құрылымы мен қызметкерлерi құрамының өзгеруін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі N 1283 P991283_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін.
1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі:
1) заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарымен келiсе отырып, мемлекеттiк шекараны делимитациялау жөніндегі жұмысқа мамандар мен сарапшылардың қажетті санын тартсын;
2) мемлекеттiк шекараны делимитациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін әрбір күнтізбелік жылға арналған шығыстар сметасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне тапсырсын";
2) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) геодезиялық, гидрографиялық және топографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен карта материалдарын, мемлекеттік шекараны делимитациялаудың қорытындылары жөніндегі басқа да құжаттарды әзірлеу мен басып шығару жөніндегі міндеттер жүктелсін.
Мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі жұмыстардың барлық кешені Комиссия (Делегация) бекіткен жоспарлар мен техникалық талаптар бойынша орындалсын";
3) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті және тиісті қалалар мен облыстардың әкімдері Астана, Алматы қалаларында және Қазақстан Республикасының аумағында басқа да елді мекендерде келіссөздер, консультациялар мен кездесулер өткізу кезінде тұратын және жұмыс істейтін үй-жайлар, автокөлік беруді, протоколдық іс-шараларды ұйымдастыруды және дәрігерлік қызмет көрсетуді, үкіметтік делегациялар мен олардың жұмыс топтары мүшелерінің жеке басылық қауіпсіздігін, сондай-ақ мүлік пен құжатқа, оның ішінде кедендік шекарадан өткен кезде қол сұғылмаушылықты қоса алғанда, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы делегацияларының жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін.
Келіссөздерді жүргізу мен Қазақстан Республикасының аумағында шекараны делимитациялау жөніндегі жұмыстарды жасау кезінде олардың тіркелулерін жүзеге асыру мен кедергісіз жүріп-тұрулары жөнінен жәрдем көрсетілсін";
4) мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен шекараласатын облыстарының әкімдеріне жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялауға
қаражат көздеу ұсынылсын";
5) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес
жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 24 ақпандағы
N 289 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 1 қыркүйектегі
N 1283 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей
Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен
мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан
Республикасы Үкіметтік комиссиясының құрамы
Тоқаев Қасымжомарт Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кемелұлы төраға
Ыдырысов Ерлан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Әбілфайызұлы министрі, төрағаның бірінші орынбасары
Ахметов Әділ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Құрманжанұлы бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары
Оспанов Бақыт Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Сағындықұлы басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы,
төрағаның орынбасары
Берқалиев Құсайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Иманғалиұлы комитетінің Шекаралық қызметі директорының
бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
(келісім бойынша)
Досанов Бақыт Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Мұхамеджанұлы министрлігінің Әкімшілік департаменті
Шарт-құқық басқармасының мемлекеттік шекара
бөлімінің кеңесшісі, жауапты хатшы
Отто Иван Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Иванович вице-министрі
Жұмабаев Бейбіт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс
Тейнелұлы министрлігінің Кеден комитеті төрағасының
орынбасары
Аманжолова Зүлфия Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алтайқызы министрлігінің Әкімшілік департаменті
директорының орынбасары - Шарт-құқық
басқармасының бастығы
Нұрбаев Орман Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Кәрімұлы министрлігінің ТМД департаментінің
ТМД-дағы көп жақты ынтымақтастық
басқармасының бастығы
Тұрарбеков Биғали Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Шәріпқалиұлы министрінің кеңесшісі, сарапшылар тобының
жетекшісі
Қобландин Қалыбек Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ибрагимұлы министрлігінің ТМД департаментінің
ТМД-дағы екі жақты ынтымақтастық
басқармасының Орталық Азия мен Закавказье
бөлімінің бастығы
Балғабаев Рысдәулет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Жайлаубекұлы комитеті Шекаралық қызметінің офицері
(келісім бойынша)
Ғабдуллин Мәрлен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Жәнібекұлы комитеті Шекаралық қызметінің офицері
(келісім бойынша)
Жабағиев Асқар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Әлиасқарұлы комитеті Шекаралық қызметінің офицері
(келісім бойынша)
Құсайынов Рысқали Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Мүптиқазыұлы комитеті Шекаралық қызметінің офицері
(келісім бойынша)
Проничев Сергей Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Егорович комитеті Шекаралық қызметінің басқарма
бастығы (келісім бойынша)
Қосжанова Жанаргүл Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Тоғызбайқызы Заңдар және халықаралық құқық департаменті
басқарма бастығының орынбасары
Жампейісов Аманкелді Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Сүйінбайұлы басқару жөніндегі агенттігі төрағасының
орынбасары
Әлібеков Шәміл Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Иманұлы басқару жөніндегі агенттігі Алматы
республикалық мемлекеттік қазыналық
"Инжгеодезия" инженерлік-геодезиялық
зерттеулер кәсіпорны директорының орынбасары
Тименко Петр Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Григорьевич басқару жөніндегі агенттігі Алматы
республикалық мемлекеттік қазыналық
"Инжгеодезия" инженерлік-геодезиялық
зерттеулер кәсіпорнының бас инженері
Кириллов Сергей Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Владимирович басқару жөніндегі агенттігі Алматы
республикалық мемлекеттік қазыналық
"Инжгеодезия" инженерлік-геодезиялық
зерттеулер кәсіпорнының демаркация
қызметінің бастығы
Пащенко Андрей Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Викторович басқару жөніндегі агенттігі Алматы
республикалық мемлекеттік қазыналық
"Инжгеодезия" инженерлік-геодезиялық
зерттеулер кәсіпорнының жоғары санаттағы
картографы
Сағындықова Марал Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Жәнәбілқызы басқару жөніндегі агенттігі геодезия,
картография және геоақпараттық технологиялар
бөлімінің бас маманы
Савченко Александр Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары
Гиоргиевич
Әшімов Нұрғали Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Сәдуақасұлы
Қожағапанов Тохтархан Алматы облысы әкімінің орынбасары
Жұманұлы
Мақашев Нүрпейіс Атырау облысы әкімінің орынбасары
Мақашұлы
Сейітжапаров Нұрлан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Сейітқұлұлы орынбасары
Төребаев Шахизад Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Хамитұлы
Кошевой Александр Павлодар облысы әкімінің орынбасары -
Иванович Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
басқару жөніндегі агенттігі Павлодар
облыстық комитетінің төрағасы
Әкімқанов Халел Солтүстік Қазақстан облысы әкімі
Қайроллаұлы аппаратының басшысы
Райымбеков Қаналбек Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Өтжанұлы басқару жөніндегі агенттігі Мемлекеттік жер
инспекциясының бастығы
Диқаев Мереке Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Қасымұлы басқару жөніндегі агенттігі Қостанай
облыстық комитетінің төрағасы
Жмыхов Анатолий Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Александрович басқару жөніндегі агенттігі Атырау
облыстық комитетінің төрағасы
Жекеев Мәлік Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Наурызғалиұлы басқару жөніндегі агенттігі Ақтөбе
облыстық комитетінің төрағасы
Захаревский Вадим Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Никифорович басқару жөніндегі агенттігі Маңғыстау
облыстық комитетінің төрағасы
Камалатдин Аббас Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Камалатдинұлы басқару жөніндегі агенттігі Қызылорда
облыстық комитетінің төрағасы
Құнанбаев Сапарбек Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Құнанбайұлы басқару жөніндегі агенттігі Солтүстік
Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы
Мордасов Николай Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Павлович басқару жөніндегі агенттігі Батыс
Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы
Ремша Александр Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Кузьмич басқару жөніндегі агенттігі Жамбыл
облыстық комитетінің төрағасы
Церклевич Анатолий Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Викторович басқару жөніндегі агенттігі Оңтүстік
Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы
Соловьев Владимир Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Васильевич басқару жөніндегі агенттігі Шығыс
Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы
Дүйсенбеков Зайролла Жерге орналастырудың мемлекеттік ғылыми-
Дүйсенбекұлы өндірістік орталығының бас директоры
Жолаев Бөлекбай "Ақтөбегеодезия" Ақтөбе картографиялық -
Жаулыұлы геодезиялық қазыналық кәсіпорнының директоры
Оспанов Секен "Жамбылгеодезия" Жамбыл қазыналық
Райымжанұлы кәсіпорнының директоры
Уахитов Болатхан "Көкшетаугеодезия" Көкшетау картографиялық -
Зектайұлы геодезиялық қазыналық кәсіпорнының директоры
Сейбағытов Даржок Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы
Таутескенов Ерсен "Картография" картографиялық қазыналық
Тілеубайұлы кәсіпорнының карта цехының бастығы
Золотарев Анатолий Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын
Никитович басқару жөніндегі агенттігі Павлодар
облыстық комитетінің бас маманы
Жүсіпов Марат "Жамбылгеодезия" Жамбыл қазыналық
Қалымжанұлы кәсіпорнының инженер-геодезисі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.