Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 ақпан N 244

Қолданыстағы

      Поездар қозғалысының қауіпсіздік деңгейін сақтау, теміржол көлігі кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен

 

оның қарауындағы жекелеген ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаларды қайта

ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21

шілдедегі N 1025 


P991025_


  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1999 ж., N 38, 321-құжат);

     1-тармақта:

     1), 3), 4) тармақшалар алынып тасталсын;

     2) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен

оның қарауындағы жекелеген ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаларды қайта

ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2

тамыздағы N 1101 


P991101_


  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1999 ж., N 40, 344-құжат):

     1-тармақта:

     4), 5), 6) тармақшалар алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.