Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 118 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.19. N 269 қаулысымен.

Күшін жойған

      Отандық өндірушілерді ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 131-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесінде:
     реттік нөмірі 127-жолдың 3-бағанындағы "8419 31 100" деген сан "8419 31 000" деген санмен ауыстырылсын;
     реттік нөмірі 143-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "143. Бульдозерлердің бұрылатын күректері 8431 42 000-ден";
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 163-1-жолмен толықтырылсын:
     "163-1. Сығу жабдығымен жарақтандырылған 8450 90 000-ден";          машинаны қоса алғанда, кір жуатын тұрмыстық машиналарға
     арналған бөліктер*
     Мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 212-1-жолмен толықтырылсын:
     "212-1. Шаңсорғыштарға арналған бөліктер*  8509 90 100-ден";
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 220-2-жолмен толықтырылсын:
     "220-2. Теледидарға арналған беру түтіктері;       8540 20";
     электронды-оптикалық қайта түзушілер мен бейненің анықтығын
     күшейткіштер;
     басқа да фотокатодтық түтіктер
     реттік нөмірі 227-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "227. Қуатты 4 кВт-тан артық емес, жанында         8701-ден";
     жүретін жүргізуші басқаратындарды, сондай-ақ шынжыр табанды
     тракторларды қоспағандағы, тракторлар (тауарлық айқындамасы 8709 тракторлардан басқа)
     2. Осы қаулы жариялауға жатады және 1999 жылдың 25 тамызынан бастап күшіне енетін осы қаулының 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, он екінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі