Барлық адамдарды зорлық-зомбылық жоғалулардан қорғау туралы Декларация

БҰҰ Бас Ассамблеясы 47-ші сессиясының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы қарары

Қолданыстағы

      Бас Ассамблея,
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығында және басқа халықаралық құжаттарда жария етілген принциптерге сәйкес, адами отбасының барлық мүшелеріне тән ар-намысын, сонымен қатар олардың тең және ажырамас құқықтарын мойындау бостандық, әділеттілік және жаппай бейбітшіліктің негізі болып табылатынын назарға ала отырып,
      мемлекеттердің Жарлыққа сәйкес алынған, соның ішінде 55-Бабына сәйкес адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жаппай құрметтеуге және сақтауға ат салысу міндетін ескеріп,
      көптеген мемлекеттерде, негізінен тоқтатылмайтын сипатқа ие зорлық-зомбылық жоғалулар жағдайлары орын алатынына аса қатты алаңдай отырып, өйткені үкіметтің түрлі деңгейі мен топтардың лауазымдық тұлғалары, ұйымдасқан топтар немесе үкімет атынан, оның тікелей немесе жанама қолдауымен, оның рұқсаты немесе келісімімен әрекет ететін жеке адамдар өзге адамдарды қалауларынан тыс ұстайды, тұтқындайды немесе ұрлайды немесе қандай да бір жолмен бас бостандықтарынан айырады, кейін осындай адамдардың тағдыры немесе мекен-жайын айтуға бас тартып, оларды заң қорғанысынан шектейді;
      зорлық-зомбылық жоғалулар заңнаманы, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды құрметтеуге дағдыланған кез келген қоғамның фундаменталды құндылықтарына зиян келтіретінін және осындай әрекеттердің жүйелі түрде орын алуы өз сипаты бойынша адамзатқа қарсы қылмыс болып табылатынын назарға алып,
      өзінің 1978 жылғы 20 желтоқсандағы 33/173 қарарына сілтеме жасай отырып, онда ол адамдардың зорлық-зомбылық немесе еріктерінен тыс жоғалуларына қатысты әлемнің түкпір-түкпірінен келген хабарламаларға, осындай жоғалулар нәтижесіндегі қайғы-қасіреттерге алаңдаушылық білдіріп, үкіметтерді құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдарға адамдардың зорлық-зомбылық немесе еріктерінен тыс жоғалуларға әкеп соқтыратын билікті теріс пайдаланғаны үшін заң жүзінде жауапкершілік жүктеуге шақырды,
      1949 жылғы 12 тамыздағы Женева конвенциялары және 1977 жылғы оларға Қосымша хаттамаларға сәйкес әскери Қақтығыстардың құрбандарына берілетін қорғанысты еске салып,
      өмір сүру құқығын, тұлғаның бас бостандығы мен қауіпсіздігі құқығын, азаптауларға тап болмау құқығын және тұлғаның құқық субъектілігін мойындау құқығын қорғайтын, Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы және Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің тиісті баптарын ескеріп,
      қатысушы мемлекеттер азаптаулардың алдын алу және оларды қолданғаны үшін жазалау бойынша тиімді шаралар қабылдайтыны қарастырылған, азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенцияны да ескеріп,
      құқықтық тәртіпті орнататын лауазымды тұлғалардың жүріс-тұрысы Кодексін, құқықтық тәртіпті орнату бойынша лауазымдық тұлғалардың күш және отпен атылатын қаруды қолданудың Негізгі принциптерін, қылмыс құрбандарына және билікті асыра пайдаланғандарға арналған құқық әділеттіліктің негізгі принциптерінің Декларациясын және қамаудағы адамдармен қарым-қатынастың Минималды қалыпты ережелерін назарға алып,
      зорлық-зомбылық жоғалулардың алдын алу мақсатында, 1988 жылғы 9 желтоқсандағы 43/173 резолюциясының қосымшасында қамтылған қандай да болмасын түрде ұсталған немесе қамауға алынған барлық адамдарды қорғау принциптерінің Жинақтамасын, сонымен қатар Эңономикалық және Әлеуметтік Кеңеспен 1989 жылғы 24 мамырдағы 1989/65 резолюциясы қосымшасында мазмұндалған және Бас Ассамблеямен 1989 жылғы 15 желтоқсанда 44/162 резолюциясында мақұлданған заңнан тыс, өз еркімен және жинақты жазалаулардың тиімді алдын алу және тергеу Принциптерін қатаң ұстануын қамтамасыз ету қажеттілігін жария ете отырып,
      зорлық-зомбылық жоғалуды сипаттайтын іс-әрекеттер жоғарыда аталған халықаралық құжаттарда қамтылған тыйымдардың бұзушылығын айқындаса да, зорлық-зомбылық жоғалудың кез келген әрекеттері аса ауыр қылмыс ретінде есептеліп, олардың жасағаны үшін жазалауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың алдын алуына бағытталған нормалар орнатылатын құжатты әзірлеу аса маңызды екенін ескеріп,
      1. осы барлық адамдарды зорлық-зомбылық жоғалулардан қорғау туралы Декларацияны барлық мемлекеттерге арналған принциптер жинақтамасы ретінде жариялайды және Декларация жаппай танымал және жаппай мойындалған сипатқа ие болуы үшін барлық күш-жігерді салуға қадала шақырады:

1 Бап

      1. Зорлық-зомбылықты жоғалудың кез келген әрекеті адамның ар-намысын қорлау болып табылады. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының мақсаттарын жоққа шығару ретінде және Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында жария етілген және осы саладағы халықаралық құжаттарға қатысты расталған және дамыған адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының сорақы бұзушылығы ретінде кінәратталады.
      2. Зорлық-зомбылықты жоғалудың кез келген әрекеті осындай жағдайға тап болған адамдарды заң қорғанысынан шектейді, олар және олардың отбасыларының қайғылары ауыр болады. Бұл әрекет тұлғаның құқық субъектілігі мойындау құқығына, тұлғаның бостандық және қауіпсіздік құқығына және азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазау түрлеріне тап болмау құқығына кепіл болатын халықаралық құқық нормаларын бұзу болып табылады. Ол сондай-ақ өмір сүру құқығын бұзу болып табылады және осы құқыққа айтарлықтай қауіп төндіреді.

2 Бап

      1. Ешбір мемлекет зорлық-зомбылық жоғалуды пайдаланбау, оған рұқсат бермеу немесе соған жеткізбеу тиіс.
      2. Мемлекеттер зорлық-зомбылық жоғалу тәжірибесін алдын алуға және жоюға барлық тәсілдермен ат салысу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықта және ұлттық әрі өңірлік деңгейлерде әрекет етеді.

3 Бап

      Әрбір мемлекет өз құзырындағы кез келген аймағындағы зорлық-зомбылық жоғалудың әрекетін алдын алуға және жою үшін тиімді заңнамалық, әкімшілік, сот және өзге шараларды қабылдайды.

4 Бап

      1. Зорлық-зомбылық жоғалудың әр алуан іс-әрекеттері қылмыстың аса ауырлығы ескерілген, жазалаудың тиісті шараларын қарастыратын қылмыстық құқық жөніндегі қылмыс болып табылады.
      2. Ұлттық заңнама зорлық-зомбылық жоғалулар іс-әрекетін жүзеге асыруына қатысып, кейін құрбандардың тірі қайтуына немесе зорлық-зомбылық жоғалу жағдайларын анықтауға көмектесетін мәліметтерді өз еркімен ұсынатын адамдарға қатысты жеңілдетілген мән-жайларды қарастыра алады.

5 Бап

      Зорлық-зомбылық жоғалулар қолданыстағы қылмыстық санкциялардан басқа, қылмыстың жасалғанына кінәлі адамдардың азаматтық жауапкершілігін, осындай жоғалуларды ұйымдастырған, келісім берген немесе кедергі жасамаған мемлекеттердің немесе мемлекеттік органдардың жауапкершілігін қамтиды, алайда халықаралық құқық принциптеріне сәйкес сол мемлекеттің халықаралық жауапкершілігіне зиян келмеуі тиіс.

6 Бап

      1. Кез келген мемлекеттік, азаматтық, әскери немесе басқа органның ешбір бұйрығы немесе өкімі зорлық-зомбылық жоғалуды ақтамайды. Осындай бұйрық немесе өкім алған кез келген адам оған бағынбауға құқылы және міндетті.
      2. Әрбір мемлекет зорлық-зомбылық жоғалуды тапсыратын, өкілеттілік беретін немесе көтермелейтін бұйрықтарға немесе өкімдерге тыйым салуды қамтамасыз етеді.
      3. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығы кезінде осы баптың 1-ші және 2-ші тармақтары ережелеріне тиісті назар бөлінуі қажет.

7 Бап

      Ешбір жағдайлар, олар қандай болған күнде де, соғыс қауіпі, соғыс жағдайы, ішкі саяси тұрақсыздық немесе кез келген өзге төтенше жағдай болсын, олар зорлық-зомбылық жоғалуларды ақматайды.

8 Бап

      1. Ешбір мемлекет басқа мемлекетке қандай да бір адамды сол адамның зорлық-зомбылық жоғалудың құрбаны болу қауіпінің нақты негіздері болса, онда оны қуып жіберуге, қайтаруға немесе беруге тиісті емес.
      2. Осындай негіздердің бар болуын анықтау мақсатында органдар іске қатысты барлық жағдайларды, соның ішінде, тиісті жағдайларда сол мемлекетте адам құқықтарының қатыгез, сорақы және жаппай бұзушылықтардың тұрақты тәжірибесін назарға алады.

9 Бап

      1. Кез келген жағдайларда, соның ішінде жоғарыдағы 7-Бапта айтылған жағдайларда зорлық-зомбылық жоғалулардың алдын алу мақсатында бас бостандығынан айырылған адамдардың мекен-жайын немесе денсаулығының жағдайын білу және/немесе бас бостандығынан айыру туралы бұйрық берген немесе осындай әрекетті жүзеге асырған органды анықтау құралы ретінде сот қорғанысы құралын тез және тиімді пайдалану құқығының бар болуы қажет.
      2. Осындай істі қараулар барысында ұлттық құзырлы органдардың бас бостандығынан айырылған адамдар отыратын барлық орындарға, және осы орындардың кез келген бөліміне, сонымен қатар осындай адамдар отыр деп пайымдауға негіз бар кез келген орындарға кіруге рұқсаты бар.
      3. Осындай орындарға кіру рұқсаты сол мемлекеттің заңы бойынша немесе тиісті мемлекет қатысушы болып табылатын қандай да бір халықаралық-құқықтық құжаттың негізінде құқығы бар кез келген басқа құзырлы органға беріледі.

10 Бап

      1. Бас бостандығынан айырылған кез келген адам тұтқынға алынғандар үшін ресми түрде мойындалған орындарда ұсталады және ұлттық заңнамаға сәйкес ұсталған соң көп кешікпей сот органдарының алдында жауап береді.
      2. Осындай адамдарды ұстау және отырған абақтының орны немесе орындары, соның ішінде ауыстыру туралы нақты ақпарат, қамаудағы адамдардың өзге қалауы болмаса, отбасы мүшелеріне, адвокаттарына немесе осы ақпаратқа заңды түрде мүддесі бар кез келген басқа адамға дереу беріледі.
      3. Қамауда ұстаудың әрбір орнында бас бостандығынан айырылған барлық адамдардың ресми тізімі бар, ол үнемі жаңартылып отырады. Бұдан басқа, әрбір мемлекет осыған ұқсас орталықтандырылған тізімдерді құрастыруда шаралар қабылдайды. Сол тізімдегі ақпарат ұсталған адамның отырған орнын анықтағысы келетін алдындағы тармақта айтылған адамдарға, кез келген сот немесе өзге құзырлы және тәуелсіз органға, сонымен қатар сол мемлекеттің заңы бойынша немесе тиісті мемлекет қатысушы болып табылатын қандай да бір халықаралық-құқықтық құжаттың негізінде құқығы бар кез келген басқа құзырлы органға беріледі.

11 Бап

      Бас бостандығынан айырылған кез келген адам босатылған кезде оның шын босатылғанына көз жеткізуге мүмкіндік болатындай босатылуы тиіс, бұдан басқа ол адам физикалық дербестігіне кепіл беретін және өз құқықтарын толық мөлшерде жүзеге асыра алатын жағдайларда босатылады.

12 Бап

      1. Әрбір мемлекет өз ұлттық заңнамасында бас бостандығынан айыру туралы бұйрық беруге өкілдігі бар тұлғаларды анықтайтын, бұндай бұйрықтар берілетін жағдайлар белгіленетін және ешбір заң негізі жоқ сол немесе өзге адамды тұтқынға алу туралы ақпаратты беруге бас тартатын лауазымды тұлғаларға қатысты жазаларды қарастыратын нормаларды қамтуы тиіс.
      2. Сонымен қатар әрбір мемлекет адамдарды ұстау, тұтқынға алу, бас бостандығынан айыру, абақтыда ұстау, басқа жерлерге ауыстыру және түрмеге қамауға жауапты құқық қорғау органдарының барлық лауазымды тұлғаларға қатысты, сондай-ақ заң бойынша күшті және оқпен атылатын қаруды қолдануға рұқсат берілген өзге барлық лауазымдық тұлғаларға қатысты бағынушылықтың нақты анықтамасын қоса алғанда, қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.

13 Бап

      1. Әрбір мемлекет қандай да бір зорлық-зомбылық жоғалу іс-әрекеті туралы ақпаратқа ие немесе заңды мүддесі бар және ол қылмысты жария еткен кез келген адамның жете тергеуді дереу және әділетті жүргізетін құзырлы және тәуелсіз мемлекеттік органға арыз түсіру құқығын қамтамасыз етеді. Қандай да бір адамның зорлық-зомбылық жоғалуы орын алды деп пайымдауға нақты негіздер болған әр жағдайда, ресми арыз болмаса да, мемлекет шұғыл түрде тергеу жүргізу үшін бұл істі аталған органға береді. Осы тергеуді шектеуге немесе қиындатуға ешқандай шаралар қабылданбауы қажет.
      2. Әрбір мемлекет осындай құзырлы орган куәгерлерді шақыру және тиісті материалдарды әзірлеумен, сонымен қатар оқиға орнына дереу шығумен байланысты өкілеттіліктерді қоса алғанда, тергеуді тиімді жүргізу үшін қажетті өкілеттіліктер мен ресурстарға ие болғанын қамтамасыз етеді.
      3. Тергеудің қатысушыларын, соның ішіде арызданушыны, адвокатты, куәгерлерді немесе тергеу жүргізетін адамдарға жаман қараудың, қорқытудың немесе кектің кез келген түрінен қорғанысты қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданады.
      4. Осындай тергеудің нәтижелері жүргізіліп жатқан қылмыстық тергеуге зиян тигізбесе, барлық мүдделі адамдардың сұрау салуы бойынша беріледі.
      5. Жаман қараудың, қорқытудың немесе кектің кез келген жағдайларының, сонымен қатар арыз түсірумен байланысты немесе тергеу барысында араласудың кез келген түрлерінің тиісті түрде жазалануын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданады.
      6. Жоғарыда аталған шарттарға сәйкес тергеуді жүргізу мүмкіндігі зорлық-зомбылық жоғалудың құрбаны болған адамның тағдыры анықталмағанша қамтамасыз етілуі тиіс.

14 Бап

      Қандай да бір нақты мемлекетте зорлық-зомбылық жоғалуды айқындайтын іс-әрекетіне пайымдау бойынша қатысы бар, қылмыс жасағаны ресми тергеу нәтижесінде анықталған фактілермен расталатын кез келген адам қолданыстағы тиісті халықаралық келісімдерге сәйкес өз заң күшін жүзеге асырмақшы өзге мемлекетке берілмеген болса, онда жауапқа және сотқа тартылуы үшін сол мемлекеттің құзырлы азаматтық билігіне берілуі тиіс. Барлық мемлекеттер солардың заңнамасы мен бақылауына түскен болжам бойынша зорлық-зомбылық жоғалу әрекетін жасағаны үшін жауапты адамдарды сотқа тарту мақсатында өз құзырларындағы кез келген заңнамалық және тиісті шараларды қабылдайды.

15 Бап

      Қандай да бір адам аса ауыр әрекеттерді, мысалы жоғарыдағы 4-Баптың 1-тармағында айтылған қылмыстарды жасауға қатысты деуге нақты дәлелдердің фактісін құзырлы мемлекеттік органдар, оны жасау себептеріне қарамастан, баспана беру немесе бермеу туралы шешімді қабылдаған кезде ескерулері қажет.

16 Бап

      1. Жоғарыда 4-Баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттердің бірін жасады деп болжамданған адамдар кез келген қызметтік міндеттерді орындаудан жоғарыдағы 13-Бапта қарастырылған тергеуді жүргізу уақытына шеттетіледі.
      2. Олардың істері қандай да бір өзге арнайы трибуналдарда, соның ішінде әскери соттарда емес, әрібір мемлекеттің тек Құзырлы әдеттегі соттарда қарастырылады.
      3. Дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясында қамтылған ережелерге зиян тигізбей, осындай тергеулер барысында қандай да бір артықшылдықтардың, иммунитеттердің немесе ерекше жеңілдіктердің пайдаланылуына жол берілмейді.
      4. Алдын ала болжам бойынша осы әрекеттерді жасаған жауапты адамдарға, Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясының және өзге қолданыстағы халықаралық келісімдердің тиісті ережелеріне сәйкес, тергеудің, сонымен қатар орын алуы мүмкін қуғын мен соттың барлық кезеңдерінде әділетті қарауға кепіл беріледі.

17 Бап

      1. Қылмыс жасаған адамдар жоғалып кеткен адамның тағдыры және отырған жері туралы мәліметті жасырып, тиісті фактілер анықталғанша, кез келген зорлық-зомбылық жоғалу әрекеті созылмалы қылмыс ретінде қарастырылатын болады.
      2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 2 Бабында қарастырылған құқықтық әдістер күштерін жойған уақытта, зорлық-зомбылық актілерге қатысты ескіру мерзімінің әрекеті осы құқықтың қорғаныс амалдары қайта күшіне енгенше тоқтатылады.
      3. Зорлық-зомбылық жоғалу әрекетіне қатысты ескіру мерзімі, егер қарастырылған болса, аса ұзақ және осы қылмыстың аса ауырлығымен мөлшерлес болуы тиіс.

18 Бап

      1. Жоғарыдағы 4-Баптың 1-ші тармағында сөз етілген іс-әрекеттерді жасаған немесе жасады деп болжамданған адамдарға рақымшылық туралы қандай да бір ерекше заңдар, сонымен қатар оларды кез келген қылмыстық тергеуден немесе жазадан босататындай балама шаралар қолданылмайды.
      2. Рақымшылық құқығын жүзеге асырған уақытта зорлық-зомбылық жоғалу әрекетінің аса ауыр сипаты назарға алынады.

19 Бап

      Зорлық-зомбылық жоғалу әрекеттерінің құрбандары және олардың отбасылары өтемақы алады және тиісті жәрдемақы алуға құқылы, соның ішінде мүмкіндігінше олардың барынша қайта оңалуын қамтамасыз ететін қаражат бар. Зорлық-зомбылық жоғалу әрекетінің нәтижесінде қаза тапқан тұлғаның қамқорындағы адамдар да жәрдемақы алуға құқылы.

20 Бап

      1. Мемлекеттер ата-аналары зорлық-зомбылық жоғалуға тап болған балаларды, сонымен қатар аналарының зорлық-зомбылық жоғалуы кезеңінде туған балаларды ұрлау тәжірибесінің алдын алады және жолын кеседі, сонымен қатар осы балаларды тауып алуға, шығу тегін анықтауға және өздерінің туған отбасыларына қайтаруға тырысады.
      2. Алдындағы тармақта сөз етілген балалардың жоғарғы мүдделерін қорғау қажеттілігін ескере отырып, баланы асырап алу жүйесін мойындайтын мемлекеттерде осындай балаларды асырап алу туралы мәселені көтеру және қайта қарастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, соның ішінде зорлық-зомбылық жоғалумен байланысты кез келген баланы асырап алудың заңдық күші жоқ деп танылады. Алайда қайта қарастыру кезінде баланың ең жақын туыстары бұған өз келісімін берсе, ондай асырап алу фактісі заңды болып қала береді.
      3. Ата-аналары зорлық-зомбылық жоғалу әрекетіне дұшар болған балаларды, сонымен қатар аналарының зорлық-зомбылық жоғалуы кезеңінде туған балаларды ұрлау, сонымен қатар олардың шынайы шығу тегін растайтын құжаттарды қолдан жасау немесе жою аса ауыр қылмыс болып табылады, ол қылмыс тиісті түрде жазаланады.
      4. Осы мақсатта мемлекеттер қажет болған жағдайда, екіжақты немесе көпжақты келісімшарттар жасасады.

21 Бап

      Осы Декларация ережелері Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында немесе кез келген өзге халықаралық құжатта қамтылған ережелерге зиян тигізбейді, және осы ережелерден туындайтын қандай да бір шектеу немесе ауытқу ретінде түсіндірілмеуі тиіс.