Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім

Келісім, Пекин қ., 1992 жылғы 10 тамыз

Қолданыстағы

      * Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., N 10, 68-құжат.

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы, төменде "Тараптар" деп аталатын, екi ел арасында достық байланыстарды нығайту мен мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында осы Келiсiмдi былайша жасады:

1-бап

      Тараптар теңдiк пен өзара тиiмдiлiк қағидаларына сай мәдениет, бiлiм беру, қоғамдық ғылымдар, денсаулық сақтау, спорт, баспа iстерi, баспасөз, радиохабар, телевизия мен кинематография салаларында алмасу мен ынтымақтастықты ынталандыру және қолдауға келiстi.

2-бап

      Тараптар мәдениет пен өнер салаларындағы алмасу мен ынтымақтастықты келесi мазмұнда жүзеге асыруға келiстi:
      1. Жазушылар мен өнер қайраткерлерiнiң топтарын алмасу.
      2. Көркемөнер ұжымдарын алмасу.
      3. Мәдениет пен өнер көрмелерiн алмасу.
      Өздерiнiң мүмкiндiктерiне орай мәдениет және өнер салаларында әдебиеттер алмасу.

3-бап

      Тараптар бiлiм беру саласындағы алмасу мен ынтымақтастықты келесi мазмұнда жүзеге асыруға келiстi:
      1. Қажеттiлiгiне сәйкес оқытушылар, ғалымдар мен мамандар алмасу;
      2. Қажеттiлiгi мен мүмкiндiгiне сай стипендиялар үлесiн өзара бepу;
      3. Куәлiктердi, аттестаттарды, ғылыми дәрежелер мен атақтарды өзара мойындау туралы Келiссөз қорытындысын жасау мүмкiндiгiн үйрену;
      4. Екi елдiң жоғары оқу орындарының арасында тiкелей байланыстар мен ынтымақтастық орнауын ынталандыру және қолдау;
      5. Екi елдiң бiлiм беру мекемелерi арасындағы оқулықтар мен басқа да педагогикалық әдебиеттердiң алмасуына ықпал жасау;
      6. Өз елiнде өткiзiлетiн халықаралық ғылыми конференцияларға қатысатын ғалымдар мен мамандарға көмек көрсету.

4-бап

      Тараптар екi елдiң спорт пен туристiк мекемелерi арасында байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға келiстi. Тараптардың қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерiне сай екi елдiң спортшылары арасындағы достық сапарларды, жолдастық жарыстарды, жаттықтырушылар мен спорт командаларын ынталандыратын болады.

5-бап

      Тараптар екi елдiң мұражайлары мен кiтапханалары арасында алмасу мен ынтымақтастықты жүзеге асыруға келiстi.

6-бап

      Тараптар баспасөз, кiтап шығару, радиохабарлар, телевизия мен кинематография салаларында алмасу мен ынтымақтастық жөнiндегi уағдаластыққа қол жеткiздi.

7-бап

      Тараптар таныстыру, дәрiс оқу және материалдар алмасу үшiн қоғамдық ғылымдар саласында, қоғамдық ғылымдар қызметкерлерiн алмасуды қоса, ынтымақтастықты жүзеге асыруға келiстi.

8-бап

      Тараптар екi елдiң денсаулық сақтау мекемелерiнiң өз араларында тiкелей байланыс жасауын қуаттап, құптайды.

9-бап

      Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру үшiн нақты жоспарлар жасайтын болады және қаржы мәселесiн келiседi.
      Екi жақтың ұқсас мекемелерi осы Келiсiмнiң негiзiнде ынтымақтастық пен алмасу жөнiндегi басқа да келiсiмдерге қол қоя алады.

10-бап

      Қол қойылған күннен бастап күшiне енетiн осы Келiсiм 5 жылдық мерзiмге жасалынды. Егер Тараптардың бiрде-бiрiнен осы Келiсiмнiң ағымындағы кезеңнiң өтуiнен алты ай бұрын әрекетiнiң тоқтатылуы жөнiнде басқа Тарапқа жазбаша өтiнiш жасалынбаса, оның әрекет мезгiлi келесi бесжылдық мерзiмге өздiгiнен ұзартылады.

      Қазақ және қытай тiлдерiндегi күшi бiрдей екi данадағы текстерге Пекин қаласында 1992 жылғы 10 тамыз күнi қол қойылды.
      Әрбiр Тараптарға осы Келiсiмнiң даналарымен бiрге орыс тiлiндегi ресми аударма текстi қалдырылды.

(Қолдары)