Сауда-экономикалық қатынастар, ғылым мен технология саласындағы ынтымақтаcтық туралы Қазақстан Республикасы мен Yндiстан Республикасы арасындағы Келісім

Келісім, Нью-Дели, 1992 жылғы 22 ақпан

Қолданыстағы

      *Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., N 10, 62-құжат.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Yндiстан Республикасының Yкiметi, бұдан былай "Уағдаласушы Жақтар" деп аталады,
      өзiнiң тарихи достығы мен ынтымақтастығын жалғастыру мен нығайтуға ұмтылып,
      теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде екi елдiң арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, ғылым мен технология саласындағы дәстүрлi және өзара тиiмдi байланыстарға жаңа серпiн беруге ұмтыла отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

I бап

      Уағдаласушы Жақтар ұзақ мерзiмдi және тұрақты негiзде екi елдiң арасында барлық нысандағы сауда-экономикалық және ғылыми ынтымақтастыққа өздерiнiң заңдары мен ережелерiне сәйкес көмек көрсетуге тиiс.

II бап

      а) Уағдаласушы Жақтар сауда және коммерциялық ынтымақтастықтың барлық мәселелерiн шешуде бiр-бiрiне нағыз қолайлы көзқарас болуын қамтамасыз етуге тиiс;
      б) Уағдаласушы Жақтар импорт пен экспорт жөнiнде бiр-бiрiне лицензиялар немесе мұндай лицензиялар (рұқсаттар) қолданылып жүрген ережелерге сәйкес көзделген жерлерде рұқсат беруге тиiс, әрi олардың қолайлылығы кез келген басқа елге берiлетiн лицензиялар мен рұқсаттардан төмен болмауға тиiс;
      в) Уағдаласушы Жақтардың кез келгенiнен үшiншi елдiң территориясында жасалған немесе оның территориясына арналған нендей бiр товарға берiлетiн қандай да болсын артықшылық, жеңiлдiк, айрықшалық немесе иммунитет басқа Уағдаласушы Жақтың территориясында жасалған (түскен) немесе оның территориясындағы импортқа арналған сондай товарға дереу және сөзсiз берiлуге тиiс.

III бап

      Жоғарыда аталған II-баптың шарттары, алайда:
      а) Уағдаласушы Жақтардың кез келгенi шекара арқылы өтуiн жеңiлдету мақсатымен шектес (көршi) елдерге беретiн артықшылықтарды;
      б) дамушы елдердiң арасында осы елдердiң қатысуына ашық және ол жөнiнде уағдаласушы Жақтардың кез келгенi қатысушы (жақ) болып табылатын немесе бола алатын дамушы елдердiң арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайту туралы нендей бiр уағдаластыққа сәйкес берiлетiн артықшылықтарды немесе артықшылықтарды;
      в) кедендiк одақтың және немесе еркiн сауда аймағының, ол жөнiнде Уағдаласушы Жақтардың кез келгенi мүшесi болып табылатын немесе бола алатын аймақтың нәтижесi болып табылатын артықшылықтарды немесе жеңiлдiктердi;
      г) Уағдаласушы Жақтардың бipeуi халықаралық сауданың шарттарын ырықтандыруды мақсат тұтатын көпжақты экономикалық келiсiмдердiң көмегiмен беретiн немесе бере алатын артықшылықтарды немесе жеңiлдiктердi;
      д) кез келген жақ кез келген елге беретiн артықшылықтарды немесе жеңiлдiктердi беруге немесе жалғастыруға қолданылмауға тиiс, әрi әңгiме осы Келiсiм жасалған айы мен күнге қолданылып жүрген немесе 1947 жылғы 10 сәуiрге дейiн қолданылып келген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды алмастыру ретiндегi артықшылықтар мен жеңiлдiктер жайында болып отыр.

IV бап

      Уағдаласушы Жақтар өздерiнiң ережелерi мен заңдарына сәйкес бiр-бiрiнiң арасындағы технологиялық ынтымақтастыққа және технологиялар беруге, оның iшiнде бiр-бiрiнiң территориясында iшкi нарық үшiн, сондай-ақ шикiзат материалдарын ұқсату, туризм, көпшiлiк қолды товарлар өндiрiсi, телекоммуникациялық жабдықтар, транспорт, өндiрiс, ақпарат және т.б. саласындағы ынтымақтастық сияқты саланы қоса алғанда үшiншi елдердiң нарықтары үшiн бiрлескен кәсiпорындар құруға көмектесуге тиiс.

V бап

      Уағдаласушы Жақтар транспорт пен байланыс салаларында өзара тиiмдi қарым-қатынастарды дамытуға барлық күш-жiгерiн жұмсауға, сондай-ақ сауда мен туризмдi өркендетуге атсалысу мақсатымен Алматы және iрі-ірі Yндiстан қалалары арасында төте әуе қатынасын ашуға белсене көмек көрсетуге тиiс;
      Уағдаласушы Жақтар Yндiстан мен Қазақстан арасында төте телекоммуникациялық байланыс орнату қажеттiгiн де мойындайды және сондықтан өзара тиiмдi негiзде төте телефон байланысын орнатуға келiстi;
      Олар сондай-ақ телекоммуникация өндiрiсiнiң инфрақұрылымын дамыту мен жаңғыртуда өзара тиiмдi ынтымақтастықтың қажеттiгiн мойындайды;
      Уағдаласушы Жақтар хабарлама алмасу саласында да ынтымақтасуға тиiс. Осы мақсат үшiн олар, басқаларымен қатар, бiр-бiрiнiң арасында радио және теледидар хабарлары алмасылуына атсалысуға тиiс.

VI бап

      Екi елдiң арасындағы сауда және өнеркәсiптiк ынтымақтастықты кеңейтiп, неғұрлым алуан түрлi сипат беру үшiн Уағдаласушы Жақтар делегациялар, бизнесмендер мен кәсiпкерлер сапарын алмасудың көмегiмен, жәрмеңкелерге, көрмелерге қатысудың және хабарлама алмасудың көмегiмен Қазақстан мен Yндiстанның сауда және өнеркәсiп кәсiпорындары арасындағы байланысты жолға қоюға жәрдемдесуге тиiс.

VІІ бап

      "Уағдаласушы Жақтар" ғылым мен технология саласында ынтымақтастықты одан әрi дамытуға көмектесiп басқаларымен қатар, бiрлескен оқыту бағдарламаларын, көрмелердi, бiрлескен техникалық семинарларды, конференцияларды, симпозиумдарды және т.б. қоса алғанда бiр-бiрiнiң ғылыми-технологиялық мүмкiндiктерiн пайдалануға тиiс.

VІІІ бап

      Екi жақ адамдарды оқытудағы, оның iшiнде экономика мен менеджмент, банк iсi, сауда, өнеркәсiп өндiрiсi, халықаралық заңдар, ғылым мен технология салаларында оқытудағы ынтымақтастыққа көмектесуге тиiс.

IX бап

      а) Екi елдiң заңды ұйымдарының арасындағы товарлар саудасы және олардың арасында жасалуға тиiс контракттар өздерiнiң заңдары мен ережелерiне сәйкес орындалуға тиiс; екi жақтың бiрде-бipeуi өздерiнiң заңды ұйымдарының мұндай коммерциялық мәмiлелерден туындайтын мiндеттемелерi үшiн жауапты болмауға тиiс, және
      б) екi жақ осы баптың "а" тармағында ескерiлген мәмiлелер бойынша контракттар халықаралық баға мен АҚШ доллары негiзiнде орындалуға тиiс екендiгiне келiседi. Сонымен бiрге, дегенмен, төлемдер мен есеп айырысулардың Уағдаласушы Жақтардың екеуiнiң өзара келiсуi негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.

X бап

      Уағдаласушы Жақтардың кез келгенiнiң табиғи және заңды ұйымдары екi елдiң заңдары мен ережелерiне сәйкес саудаға өтем жасау туралы уағдаластықтар, сатып алу туралы уағдаластықтар негiзiндегi товарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң импорты мен экспортында да бiрi-бiрiнен немесе бiрiне-бiрi еркiн болуға тиiс.

XI бап

      Уағдаласушы Жақтар екi жақ көрсеткен банк осы Келiсiмнен туындайтын төлемдердiң тәртiбi жөнiнде банк келiсiмiн жасауға тиiс дегенге келiседi. Мұндай Келiсiм немесе уағдаластық екi жақ Келiсiмге қол қойған айы мен күнiнен кейiнгi үш айдан кешiктiрмей жасалуға тиiс.

XII бап

      Тиiстi хаттамалар немесе контракттар осы Келiсiм шегiнде жасалатын болады. Қатысушылардың арасындағы дау-дамайлар екi жақтың арасындағы контракттардағы немесе жазбаша түрде жасалған жекелеген уағдаластықтардағы уағдаластыққа сәйкес реттеуге жатады.

XIII бап

      Уағдаласушы Жақтар осы Келiсiмнiң орындалуын қадағалау мақсатымен екi Жақтың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша консультация алмасуға тиiс.

XIV бап

      1. Осы Келiсiм оған қол қойылған айы мен күнiнен бастап күшiне енуге және бес жылдық кезеңге қолданыла беретiн болуға тиiс.
      2. Осы Келiсiмнiң қолданылу кезеңi одан кейiнгi тағы да бес жылдық кезеңге немесе егер Уағдаласушы Жақтардың кез келгенi кенет өзiнiң бұл Келiсiмдi жойғысы келетiнi туралы екiншi жақты жазбаша түрде хабардар етпесе, әрi мұндай хабарлама осы Келiсiмдi қолдану мерзiмi өтерден кемiнде 6 ай бұрын берiлуге тиiс, кезеңге өздiгiнен ұзартылуға тиiс. Аталған мерзiм өткеннен кейiн осы Келiсiмнiң мерзiмдерi мен шарттары Келiсiм қолданылатын уақытта жасалған және осы Келiсiмнiң мерзiмi өтетiн айы мен күнiне дейiн толық орындалмаған барлық контракттар жөнiнде өзiнiң заңдылығын сақтауға тиiс.

XV бап

      1. Осы Келiсiмдi Уағдаласушы Жақтардың әрқайсысы өз жағының заңдары мен ережелерiне сәйкес мақұлдауға тиiс. Уағдаласушы Жақтардың әрқайсысы осы Келiсiмдi күшiне енгiзу үшiн оның заңдары мен ережелерi талап ететiн тәртiптiң аяқталғаны туралы екiншi жаққа хабарлауға тиiс.
      2. Осы Келiсiмдi Уағдаласушы Жақтардың әрқайсысы бұл баптың І-тармағына сәйкес мақұлдағанға дейiн Уағдаласушы Жақтар осы Келiсiмдi ______ бастап _______ мерзiмге дейiн уақытша орындауға келiстi.
      Осы Келiсiмнiң тексi түпнұсқалы үш көшiрме етiп әрқайсысы қазақ, хинди және ағылшын тiлдерiнде жасалған, әрi үш текстiң де бiрдей күшi бар (бiрдей түпнұсқалы).

(Қолдары)