Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі 2000 жылғы 10 ақпан N 120

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары бойынша:
      1) сыртқы саясат мәселелері жөніндегі;
      1-1) әскери қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi;
      2) ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
      3) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
      4) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі;
      5) дағдарыстық ахуалдарда басқару жөніндегі;
      6) экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 25.03.2002 N 320; 24.10.2003 N 425; 25.09.2006 N 68; 21.01.2009 N 292 Өкімдерімен.
      2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 21.01.2009 N 292 Өкімімен.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің:
      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" 1999 жылғы 21 сәуірдегі N 41 ;
      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 80 өкімдерінің күші жойылған деп танылсын.    

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Президентінің
                                            2000 жылғы 10 ақпандағы
                                                  N 120 өкіміне
                                                   N 2 қосымша

             Ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
                 Ведомствоаралық комиссияның
                           ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам алып тасталды - ҚР Президентінің 21.01.2009 N 292 Өкімімен.