Мемлекеттiк меншiктiң жекешелендiрiлуiн басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 5 наурыз 1993 ж. N 1153

Қолданыстағы
      Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң бiрыңғай мемлекеттiк саясатын жүргiзу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Республикалық және коммуналдық меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi территориялық комитеттерден тұратын бiрыңғай жүйесi құрылсын.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне республикалық және коммуналдық меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң бiрыңғай мемлекеттiк саясатын ұйымдастыру, жүргiзу және бақылау мәселелерi жүктелсiн.
      2. Жергiлiктi әкiмдер коммуналдық меншiктi жекешелендiру жөнiндегi қазiргi комитеттердi, комиссияларды және бөлiмдердi таратып, алдағы уақытта коммуналдық меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру жөнiнде қосарлас органдар құрмайтын болсын.
      3. Жергiлiктi әкiмдерге мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi территориялық комитеттiң төрағасын әкiмнiң орынбасары қызметiне тағайындау ұсынылсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Президентi