Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 5 наурыз N 1134

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң орнауы құрметiне қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы тағайындалсын.
      Осы аталған стипендия Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң неғұрлым дарынды - 8 аспирантына, жоғары оқу орындарының 50 студентiне берiлетiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы аспиранттар мен жоғары оқу орындары студенттерiнiң стипендияларының ең аз мөлшерiнен 100 процент жоғары белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендияларын тағайындау жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми және педагогикалық кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.
      4. Стипендияларды министрлiктер мен ведомстволардың арасында бөлудi - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, ал жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында бөлудi солар қарайтын министрлiктер мен ведомстволар жүзеге асырады.
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендияларын

тағайындау 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап енгiзiлсiн.
     6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бәсiре
стипендияларды тағайындау тәртiбi туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн
және олардың тiзбесi мен саны жөнiнде Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi