Қазақстан Республикасының хұқықтық көмек пен хұқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 8 қаңтар N 1053.

Қолданыстағы
      Басқа мемлекеттермен хұқықтық көмек пен хұқықтық ынтымақтастықты дамытуға зор мән бере отырып, "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу,орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне азаматтық және қылмыстық iстер бойынша хұқықтық көмек пен хұқықтық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының келiссөздерiн жүргiзуге және халықаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi