Теміртау қаласы әкімінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 1 "Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 2 шешімі

      Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қаласы әкімінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 1 "Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес сайлау учаскелерімен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ғ. Әшімов

  Теміртау қаласы әкімінің
2026 жылғы "_" ________
№ 1
шешіміне қосымша
  Теміртау қаласы әкімінің
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 1
шешіміне қосымша

№ 641 сайлау учаскесі (жабық)

      Орталығы – "Qarmet" АҚ, Республика даңғылы, 1/3, "Qarmet" АҚ металлургия комбинатының Орталық өткізу пункті.

№ 642 сайлау учаскесі (жабық)

      Орталығы – "Qarmet" АҚ, Энергетическая көшесі, ЛПЦ-1, АБК СТАН 1700.