"Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 280-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34142 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларында:

      2 тарауда орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      2 тараудағы 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) - қатысушылар арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексімен реттелетін электрондық құжаттармен алмасу жүйесі.".

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтініш беруші осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуникациялар арнасын аккредиттеу үшін өтінімді уәкілетті органға ЭҚЖ арқылы жолдайды.

      Мемлекеттік органның байланыс орталығы ұйымдастырылған жағдайда, телекоммуникациялар саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органның аккредиттеу жүргізу үшін өтініші мен тиісті құжаттарын жібереді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ЭҚЖ арқылы өтініш берушіні немесе (мемлекеттік органның байланыс орталығы ұйымдастырылған жағдайда) телекоммуникациялар саласындағы уәкілетті органды аккредиттеуден өткені және коммуникация арнасының Тізілімге енгізілгені туралы не аккредиттеуден бас тартылғаны туралы хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың байланыс орталықтарына кемінде екі жылда бір рет мерзімді аттестаттауды жүзеге асырады.

      Байланыс орталығына қатысты аттестаттау жүргізу жоспарланған мемлекеттік орган бұл туралы екі жылдық мерзімнің аяқталуына 3 ай қалғанда хабардар етіледі.

      Мерзімді аттестаттау осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      Жүргізілген мерзімді аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) аккредиттеу;

      2) аккредиттеуден бас тарту.

      Қабылданған шешім туралы екі жұмыс күні ішінде телекоммуникациялар саласындағы уәкілетті органға, аттестаттау жүргізілген байланыс орталығына қатысты мемлекеттік органға хабарланады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникация арналарының тізіліміне тиісті өзгерістер енгізіледі.".

      2-қосымша бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1 тармақтың бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылық министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы Соты

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  бұйрығына қосымша/
Тізілімді қалыптастыру және
жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік
органдардың халықпен
коммуникациялар арналарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысаны

Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізілімі

Коммуникация арнасының атауы

Қолданысында коммуникация арнасы бар орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның атауы

Мемлекеттік органның байланыс орталығының ұйымдастырылғаны туралы белгі

Коммуникациялар арнасының Тізілімге енгізілген күні

Коммуникациялар арнасы бойынша енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы мәліметтер

Коммуникациялар арнасын алып тастау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7