"Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 59-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 124-1-жолмен толықтырылсын:

      "

124-1

Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі (Lda)

Lymantria dispar asiatica Vnukovskij

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 132-1-жолмен толықтырылсын:

      "

132-1

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты

Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens

      ";

      реттік нөмірі 136-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 193-1-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 202-1-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 203-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 203-1-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 218-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 223-жол алып тасталсын;

      2-тарауда:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 228-1-жолмен толықтырылсын:

      "

228-1

Қоңыр-мәрмәр қандала

Halymorpha halys Stål

      ";

      2-параграф алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 234-1-жолмен толықтырылсын:

      "

234-1

Тікенекті алқа

Solanum rostratum Dun.

      ";

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-параграфтармен толықтырылсын:

      "

5-параграф. Вирустар мен вироидтар

234-2

Қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы

Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV)

234-3

Қызанақтың дақты солу вирусы

Tomato spotted wilt virus

234-4

Пепиноның теңбіл вирусы

Pepino mosaic virus

234-5

Қызанақтың сақиналы теңбілдігі неповирусы

Tomato ringspot nepovirus

6-параграф. Саңырауқұлақтар

234-6

Қызыл күрең церкоспороз

Cercospora kikuchii (T. Matsu & Tomoyasu) Gardn.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Министр А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі