Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 177 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 163 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "цифрлық жүйе (бұдан әрі – Жүйе) – бюджет түсімдері мен шығыстарының жаңа түрлерін енгізу, қолданыстағы түрлерін алып тастау немесе өзгерту процестері автоматтандырылатын электрондық түрдегі Бюджеттік сыныптаманы жүргізуге арналған цифрлық жүйе;";

      15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттiк кiшi бағдарламалардың 001-ден 999-ғa дейiнгi сыныптамалық коды болады. Бұл ретте, бiрнеше әкiмшiлерге бекiтiлген атаулары бірдей бюджеттiк кiшi бағдарламалар 001-ден 099 аралығындағы кодтар бойынша сыныпталады.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады:

      шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастыратын санаттар. Санаттың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;

      шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптаманың сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;

      шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша барынша егжей-тегжейлi топтастыратын кіші сыныптар. Кіші сыныптың сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады.

      Ерекшелік бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайды.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Алдағы қаржы жылына арналған Бюджеттiк сыныптама жобасын бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға жiбередi.";

      35-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, ал ол болмаған жағдайда – әкім аппараты мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламамен және аттас бюджеттік бағдарламалармен, оның ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде пайдаланылатын және бірнеше бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бекітілген жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жаңа әкімшілерін енгiзу, қолданыстағыларын алып тастау немесе өзгерту туралы ұсыныстарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді, олар осы ұсыныстарды қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.".

      2. "Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. 01-158-нысан цифрландыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуге арналған және осы Қағидаларға 53-қосымшаға сәйкес жасалады. Осы нысанды толтыру кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) бекітілген цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа алған жөн.";

      54-тармақтың үшінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде – цифрлық технологиялар саласындағы көрсетілетін қызметтерді басқа халықаралық қаржы орталықтарына енгізу тәжірибесі бар халықаралық жетекші консалтингтік компаниялар қорытындысы;";

      77-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің цифрландыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлауы кезінде цифрландыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы;";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалану үшін бюджеттік сұранымды қоспағанда) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік жоспарлаудың цифрлық жүйесі арқылы бюджеттік сұранымды енгізеді.";

      79-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін цифрлық жүйе болған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік сұранымды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы енгізеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 53-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші абзацтарын және 2-тармағын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2026 жылғы 13 наурыздағы
№ 177 бұйрығына
қосымша
Бюджеттік сұранымды жасау,
ұсыну, қарау қағидаларына
53-қосымша

      01-158-нысан

Цифрландыру саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеу

      Жылы

      Кодтары ___________________

      Деректер түрi (болжам, жоспар, есеп) ___________________

      Функционалдық топ ___________________

      Бағдарламалардың әкiмшiсi ___________________

      Мемлекеттiк мекеме ___________________

      Бағдарлама ___________________

      Ерекшелiк ___________________


Тауарлар тобының атауы

Цифрлық жүйе/ИК қызмет

Өнім атауы

____ жылға іс жүзіндегі шығыстар, мың теңге

_____ жылға нақтыланған жоспар, мың теңге

Саны

Бірлік үшін құны, теңге

Жалпы құны, мың теңге (7-баған*8-баған) 1000

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Ерекшелік бойынша жалпы сомасы

х

х



х

х

х


Жиыны

х

х






      Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/мемлекеттiк мекеме басшысы

      ____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Бюджеттік бағдарлама басшысы

      ____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Бас бухгалтер/қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы

      _____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))