ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" функционалдық кіші тобында:
288 "Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
016 "Халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөнінде жұмыстар жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
"032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |