"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 85 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
| Министр | А. Мұхамедиұлы |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 22 наурыздағы № 52 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Туризм индустриясы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің
ережесі
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен.2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер оған сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.
6. Комитет, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің келісімі арқылы Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 15-кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысына шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен борыштары
13. Міндеттері:
1) туристік қызмет саласындағы, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
3) құзыреті шегіндегі Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен.14. Комитеттің функциялары:
1) туристік қызмет саласындағы, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) Комитетпен реттелетін салалардағы нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
3) Комитетпен реттелетін салаларда халықаралық шарттарды әзірлеу және орындау, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша мүдделерін білдіру және олардың жұмысына қатысу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет реттейтін салалардағы нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;
5) мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп туристердiң қорғалуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
6) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі субъектілерінің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау бойынша конкурсты өткізуі;
8) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
9) Комитетпен реттелетін салалардағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
11) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттеу;
12) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен тарату;
13) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар ету;
14) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттердің, гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметті бастағаны туралы хабарлама берген мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
15) туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператордың немесе турагенттiң орындауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
16) Комитетпен реттелетін салаларда Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
17) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті дәрежеде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесін жалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтату;
18) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнаманың белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
19) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
20) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің шешімін келісу;
20-1) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңнамасына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
20-2) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру;
20-3) өзі айқындайтын тәртіппен ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы - болмауы тұрғысына талдауды жүзеге асыру;
20-4) тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді;
20-5) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізу;
20-6) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 № 42 бұйрығымен.3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
15. Комитет басшылығы Комитет Төрағасымен жүзеге асырылады, ол Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікті атқарады
16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет Төрағасы лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Комитет Төрағасының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және босатылады
18. Комитет Төрағасының уәкілеттілігі:
1) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсынымдар ұсынады;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады (Комитет Төрағасы орынбасарларын қоспағанда);
5) Комитет қызметкерлерінің іс-сапары, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, мадақтау, үстемақы мен сыйлықақы төлеу, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді (Комитет Төрағасы орынбасарларын қоспағанда);
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Комитетті ұсынады;
7) Комитеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапкершілікті артады;
8) оның құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитет Төрағасының оның жоқ кезеңінде уәкілеттілігін орындау қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның міндетін атқарушы тұлғамен жүзеге асырылады.
4. Комитеттің мүлігі
19. Комитет заңнамамен көзделген жағдайларда оқшау мүлікті жедел басқару құқығына ие бола алады.
Комитет мүлігі оған меншік иесімен тапсырылған мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге көздерден алынған өзге мүліктерден (ақша кірістерін қоса алғанда) қалыптастырылады.
20. Комитет атына бекітілген мүлік республикалық меншігіне жатады.
21. Комитет өзіне бекітілген мүлікпен және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікпен егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, дербес иеліктен айыруға немесе басқа амалмен иелік етуге, құқықты емес.
5. Комитетті қайта құру және жабу
22. Комитетті қайта құру және жабу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.