"2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 мамырдағы № 169 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 қаңтарда № 3657 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Бесқарағай ауданының әкімі Н. Тоқсеитов