Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің интернет-ресурстарында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 146 бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және
қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.

      6. Комитет, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің келісімі арқылы Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 15-кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысына шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісімді және ішкі саяси тұрақтылық саласындағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру мен сыйлықақы тағайындау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      3) Комитетке жүктелген өзге де мiндеттер.

      14. Комитеттің функциялары:

      1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және келісімшарттарды әзірлеу;

      2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру, республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;

      4) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;

      5) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;

      6) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;

      7) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

      8) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;

      9) қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      10) iшкi саяси тұрақтылықты, қоғамдық келiсiмдi нығайтуға, тілдерді дамытуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;

      11) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;

      12) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыратын және iске асыратын мемлекеттiк органдарға ақпараттық, консультациялық, әдiстемелiк қолдау көрсету;

      13) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiнiң қорытындылары бойынша ақпарат беру;

      15) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес берілетін мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру;

      16) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асыру;

      17) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беруді жүзеге асыру;

      18) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;

      19) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткiзуiн ұйымдастыру;

      20) ономастикалық комиссиясының жұмысын үйлестіру;

      21) Қазақстан халқы Ассамблеясымен, саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      22) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметтерін қамтамасыз ету;

      23) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      24) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;

      25) Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      26) Тiлдер және коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;

      27) Комитетке қарасты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асырады;

      28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      4) Комитет жанында консультативтік-кеңесші органдарды құру;

      5) Комитеттің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      6) тілдерді және қоғамдық-саяси жұмысты дамытуға еңбегін сіңірген тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсынуға ұсыныс енгізу;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Комитет қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын үш орынбасары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитеттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын бекітеді;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін (Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда) лауазымға тағайындайды және босатады;

      4) Министрліктің Жауапты хатшысына Комитет төрағасының орынбасарларын тағайындау мен қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;

      5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (төрағаның орынбасарларын қоспағанда) тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      6) Министрлікпен келісе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын тағайындайды;

      7) өз құзіреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет, қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;

      9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;

      10) тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысқан тұлғаларға құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды беру жөніндегі мәселелерді шешеді;

      11) өзінің құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Комитет төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      21. Комитеттің консультациялық кеңесші орган болып табылатын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және жеке құрамын Төраға бекітеді.

      22. Комитет қызметін ұйымдастыру бойынша басқа да мәселелер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер, Министрлік және Комитеттің бұйрықтарымен реттеледі.

4. Комитеттің мүлкі

      23. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1."Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.

      2. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.