"Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығының және "Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/316 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы"

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 11-1-2/273 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1848 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 30, 646-құжат);
      2) «Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/316 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11989 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Кадрлар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министр                              Е. Ыдырысов