"Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 526 бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 525 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 526 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11761 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                    Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ________________ К. Қасымов

      2016 жылғы 18 тамыз