Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 ақпандағы "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №58 қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №338 қаулысы

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 ақпандағы "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №58 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 11 наурызында №3751 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
      1) Алматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А. Баталов