Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерін күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 27-5 шешімі

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 тамыздағы "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі №7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" №16-2 шешімі (Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2009 жылы 9 қыркүйекте №7-4-90 тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қарашадағы "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі №7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" №10-2 шешімі (Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2008 жылы 12 желтоқсанда №7-4-78 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      Сессия төрағасы Н.Жаңғалиев
      Мәслихат хатшысы Е.Таңатов