Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы "Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткiзу Қағидасын бекiту туралы" № 14-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 29-10 шешімі.

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы "Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасын бекіту туралы" (2014 жылғы 21 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3412 нөмірмен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде тіркелген, "Орал өңірі" газетінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 15, 16 жарияланған) № 14-5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы С. Сұлтановқа жүктелсін.
      Сессия төрағасы С. Сүлеймен
      Облыстық мәслихат
хатшысы
М. Құлшар