Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы N 40/14-V шешімі

Қолданыстағы
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын:
      1) Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 26/12-V "Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау бойынша қалалық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы шешімі;
      2) Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 01 сәуірдегі № 32/25-V "Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 14/6-ІV шешімінің қолданысын тоқтату туралы" шешімі.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
      Осы шешімнің 1 тармағының 2) тармақшасы 2015 жылдың 14 шілдесінде туындаған құқықтық қарым-қатынасқа таратылады.
      Кезекті сессияның төрағасы Б. КЗЫКЕЕВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО