"Сарыағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Сарыағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 32-269-V шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 47-426-V шешімі

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Сарыағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 32-269-V «Сарыағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2745 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2014 жылы 15 тамызда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б.Садықов