Сайрам ауданы әкімдігінің 7 маусым 2013 жылғы № 1179 "Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 736 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 37 бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 24 қараша 2015 жылғы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайрам ауданы әкімдігінің 7 маусым 2013 жылғы № 1179 «Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2322 тіркелген, 5 шілде 2013 жылы «Мәртөбе» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров