"Түркістан қаласы әкімі аппаратының және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Түркістан қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 2080 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1788 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Түркістан қаласы әкімі аппаратының және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Түркістан қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 2080 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2460 тіркелген, 2014 жылғы 3 қаңтарда «Түркістан» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ж.Насыровқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 Ә.Өсербаев