"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 219 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 22 шілдедегі № 226 қаулысы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 219 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.
      
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е.Садыр

      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева