Мақат аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Мақат ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 350-V шешімі

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 16 шілдедегі № 142-V "Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2764 тіркелген, 2015 жылғы 5 қыркүйекте "Мақат тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХІХ сессиясының төрағасы
Д. Алтаева
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Жолмағамбетов