Округ әкімінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 11 "Миялы ауылдық округінің Боран Нысанбаев көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 101 шешімі

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
      1. Округ әкімінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 11 "Миялы ауылдық округінің Боран Нысанбаев көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" ("Нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізімінде № 3136 болып тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінің 2015 жылдың 28 наурыздағы №12 санына жарияланды) шешімінің күші жойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау округ әкімінің орынбасары Ә.Шаймардановқа жүктелсін.
      Округ әкімі Н. Бекешов