Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп тану туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 348/12 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" № 105/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4475 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Регион" газетінде жарияланған);
      Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі "Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" № 106/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4476 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Регион" газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов