Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 42 "Алтынсарин ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 234 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік  құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 42 "Алтынсарин ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тipкeу тізілімінде № 5501 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 cәуірдегі "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Б. Ахметов