Бұйрықтың күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1220 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз әкелетін көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағынан әкелуге қатысты ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 481 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11164 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрық туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі                    Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________ Е. Досаев
      2015 жылғы 28 желтоқсан