Нұра ауданы әкімінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 3 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 9 шешімі

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына сәйкес Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТЕДІ:
      1. Нұра ауданы әкімінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 3 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3128 болып тіркелген, 2015 жылы 16 сәуірдегі № 16 аудандық "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 22 сәуірінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушысы Нұралы Нұрмақұлы Қалиевке жүктелсін.
      Аудан әкімі Қ. Бексұлтанов