Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 305 қаулысы

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актілердің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 305 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1741 болып тіркелген, 2010 жылдың 12 мамырында "Ақ жол" газетінде жарияланған)
      2. "Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 78 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1945 болып тіркелген, 2013 жылдың 6 маусымында "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      3. "Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 184 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2289 болып тіркелген, 2014 жылдың 6 тамызында "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      4. "Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 371 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2520 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 наурызында "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      5. "Жамбыл облысының облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 373 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 наурызында "Ақ жол" газетінде жарияланған).