Панфилов ауданы әкімдігінің 21 қыркүйек 2015 жылғы "Панфилов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің "Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің Аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 781 қаулының күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 желтоқсандағы № 916 қаулысы

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қыркүйек "Панфилов ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің "Қоңырөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 27 қазан № 3503 тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінде 2015 жылдың 5 қараша № 46 жарияланған) № 781 қаулының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппарат басшысы Садыков Аскар Джумахановичке жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев