Шектеу іс-шараларын алу туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 30 шешімі

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 3-6/342 санды ұсынысы негізінде Көптоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округінің "Қуандық" шаруа қожалығы аумағындағы ұсақ малдары арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
      2. Ойыл ауданы, Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 21 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4629 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      Көптоғай ауылдық округінің әкімі: Г Амирова