Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 252 шешімі

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алға аудандық мәслихатының төмендегідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

Рет-тік №

Актінің атауы

Тіркеу № мен мерзімі

1

"2015-2017 жылдарға арналған Алға ауданының бюджеті туралы"

19.01.2015ж
№ 4165

2

Аудандық мәслихаттың "2015-2017 жылдарға арналған Алға ауданының бюджеті туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 176 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

27.03.2015ж
№ 4259

3

Аудандық мәслихаттың "2015-2017 жылдарға арналған Алға ауданының бюджеті туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 176 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

09.04.2015ж
№ 4292

4

Аудандық мәслихаттың "2015-2017 жылдарға арналған Алға ауданының бюджеті туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 176 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

24.06.2015ж
№ 4380

5

Аудандық мәслихаттың "2015-2017 жылдарға арналған Алға ауданының бюджеті туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

20.08.2015ж
№ 4478

6

Аудандық мәслихаттың "2014-2016 жылдарға арналған Алға ауданының бюджеті туралы" 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 176 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

26.11.2015ж
№ 4601

7

Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметті қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы

15.04.2015ж
№ 4306

8

Аудандық мәслихаттың "Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметті қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

26.06.2015ж
№ 4394

9

"Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметті қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 199 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

02.10.2015ж
№ 4529

      2. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: К. Байгазин
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: А. Кайрушев