"Ақмола облысының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 5С-43-8 шешімі

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Ақмола облысының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-7 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4436 болып тіркелген, 2014 жылдың 22 қарашада «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

      Ақмола облыстық
      мәслихаты сессиясының
      төрайымы                                   Е.Мащинская

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Д.Нұрмолдин