"Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жер атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 1993 жылғы 18 қаңтар N 1889-XII. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 457 Заңымен. ~Z990457

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жер атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z932800_ жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Бұрынғы КСРО-да ертеректе тiркелген тауар таңбалары иелерiне, сондай-ақ осы Заң күшiне енген кезге дейiн тауар таңбаларына берiлген өтiнiмдер бойынша iс жүргiзу аяқталмаған өтiнiм берушiлерге осы таңбаларды алғашқы берiлген өтiнiмдер бойынша басымдығын сақтай отырып, Қазақстан Республикасы аумағында тiркеу туралы Ұлттық патент ведомствосына өтiнiш жасау құқығы берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай мерзiмде:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жер атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiрсiн;
      Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының осы Заңға қайшы келетiн өз нормативтiк актiлерiн қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
      КСРО куәлiктерiмен қорғалған, сондай-ақ осы Заң күшiне енгенге дейiн Ресей Федерациясының Мемлекеттiк патент ведомствосына тiркеуге өтiнiм берiлген тауар таңбаларын тiркеу тәртiбi туралы мәселенi шешсiн.
      1992 жылғы 1 сәуiрге дейiн:
      "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жер атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану жөнiндегi қажеттi нормативтiк актiлер қабылдасын;
      тауарлар шығарылған жердiң тiркелген атауларымен белгiленген тауарларды өндiру мен өткiзудi бақылау жүктелетiн мемлекеттiк органдарды белгiлесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақ КСРО Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныс әзiрлеп, Жоғарғы Кеңеске енгiзсiн.
      Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ғылымды және халыққа бiлiм беру iсiн дамыту мәселелерi жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасы Жоғарғы
          Кеңесiнiң Төрағасы