"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын сақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 1993 жылғы 19 қаңтар N 2000. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.15. N 350 Заңымен. ~Z990350

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z931000_ жарияланған кезден бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - "Қазақстан Республикасындағы құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқауды", "Қазақстан Республикасындағы ақпараттың құпиялылық дәрежесiн анықтау және белгiлеу тәртiбi туралы ереженi", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мағлұматтар Тiзбесiн", "Қазақстан Республикасындағы құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбелерiн", "Қазақстан Республикасының айрықша режимдi, айрықша маңызды және режимдi объектiлерiнiң тiзбесiн" әзiрлесiн және бекiтсiн;
      - мемлекеттiк құпияларға жiберiлетiн қызметкерлердiң санын қысқарту, режимдi-құпиялы және жұмылдыру органдарын, бiрiншi және екiншi бөлiмдердi, сондай-ақ мекемелердегi, кәсiпорындардағы және ұйымдардағы мемлекеттiк құпиялармен байланысты емес арнаулы бөлiмдердi жою жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын;
      - мемлекеттiк құпияларды сақтау жөнiндегi жұмыстарды және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссияның жұмысын қаржы және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдасын;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын сақтау туралы" Заңына сәйкес келтiретiн болсын.
     Қазақстан Республикасы Жоғарғы
         Кеңесiнiң Төрағасы