"Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 1993 жылғы 12 сәуiр

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z931700_ жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1993 жылғы 1 маусымға дейiн:
      - осы Заңда көзделген кредит беру шарттары қолданылатын ауыл шаруашылық машиналарын жасау, ауылдағы құрылыс және аграрлық-сервистiк қызмет көрсету кәсiпорындарының;
      - ауруларды жою жөнiндегi шаралар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын аса жұқпалы мал ауруларының;
      - бағасының қымбаттауы мемлекеттiк бюджет есебiнен өтелетiн энергия көздерiнiң, техниканың және материалдық-техникалық құралдардың тiзбесiн бекiтсiн;
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiмен бiрлесе отырып, меншiк түрлерiне қарамастан аграрлық-өнеркәсiптiк кешен кәсiпорындарды мен ұйымдарына, сондай-ақ өнеркәсiп орындарының сауда-дайындау ұйымдарына жеңiлдiкпен қысқа мерзiмдi қарыз беру тәртiбiн белгiлейтiн болсын;
      1993 жылғы 1 қазанға дейiн:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" Заңға сәйкестендiрсiн;
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының осы Заңға қайшы келетiн қалыпты құжаттарын қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, Аграрлық мәселелер және азық-түлiк жөнiндегi комитет пен Экономикалық реформа, бюджет және қаржы мәселелерi жөнiндегi комитет осы Заңда көзделген шаралардың iске асырылу барысына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасы Жоғарғы
          Кеңесiнiң Төрағасы