"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы 1993 жылғы 19 қаңтардағы N 1200 (N 1898-XII)

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет

туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  

Z939000_

  1993 жылғы 
1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
     "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын қолдану тәртiбi туралы қажеттi
нормативтiк актiлер қабылдасын;
     әскери қызметтен өту мәселелерi жөнiнде нормативтiк актiлерді
Заңға сәйкес келтiрсiн.
     Қазақстан Республикасы
       Жоғарғы Кеңесiнiң
          Төрағасы